Елорда жаңалықтары

Астанада ғылым саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған Ғылым саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиынға 350-ден астам шақырылды. Олардың қатарында ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың басшылары болды, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты жиын аясында еліміздегі зерттеу және өңірлік университеттер мен жетекші ғылыми-зерттеу институттары ғалымдары жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми еңбектер, жаратылыстану және техникалық ғылымдар салаларындағы ғылыми жаңалықтар, сондай-ақ ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру жобалары көпшілік назарына ұсынылды. 

Жиынның құрметті қонағы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов құттықтау сөзін сөйледі.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары жақсы нәтижелерге қол жеткізген бірқатар ғылым саласының қызметкеріне «Еңбек ардагері» медалін, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

-->

Ғылым саласының қызметкерлері күнінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдарымызды жинап, Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Онда еліміздің ғылым саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Тарихи шешімдердің қатарында Президенттің шешімімен Білім және ғылым министрлігінің екіге бөлінуі бар. Бұл да Президенттің ғылымға деген ерекше көзқарасын көрсетеді. Алдымызда жұмыс көп. Ғалымдарымыздың еңбектері елімізге пайда әкелуі үшін мемлекет тарапынан зор қолдау көрсету қажет. Бұл ғылымды қаржыландыру, гранттар бөлу, ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Осы уақытқа дейінгі тәжірибені жинақтап, оны еліміздің пайдасына асыру – ортақ міндетіміз, — деді А. Көлгінов.