Елорда жаңалықтары

Астанада ядролық технологиялардың халықаралық көрмесі өтеді

27-28-ші тамыз күндері  Астанадағы EXPO орталығында KazAtomExpo Ядролық технологиялардың халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

KazAtomExpo - бұл Қазақстандағы ядролық технологиялар мен атом саласының дамуына арналған ең ауқымды іс-шара. Көрмеде соңғы заманауи озық ядролық технологиялар жұртшылық назарына ұсынылады.  

«Көрме Қазақстанның атом өнеркәсібі және энергетикасы саласындағы әлеуетін, сондай-ақ атомның ғылыми тұрғыдағы соңғы жетістіктері мен тың технологиясын һәм интеллектуалдық жаңа деңгейге шығуын көрсетуге бағытталған», - делінген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» хабарламасында.