Елорда жаңалықтары

Астанадағы «Жастар» сарайының аумағы қалай түрленді

Биыл Байқоңыр ауданындағы Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында орналасқан «Жастар» сарайының аумағына ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған учаскеде осы күнге дейін автотұрақ мәселесі аса түйткілді сұрақтардың бірі болатын. Бүгінде бұл жерге кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қала тұрғындары үшін қолайлы әрі кең автотұрақ пайда болды.

Сонымен қатар «Жастар» сарайының артқы аумағындағы қараусыз бос кеңістік те кешенді абаттандырылып, орнына шағын демалыс орны мен workout-аймағы жайластырылды.

Бұдан бөлек, осы учаскедегі Омаров көшесіндегі бұрын балшықты бос кеңістік орнына жаяу жүргіншілер кеңістігі жайластырылды.

Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізілуде, соның ішінде тұрғын алаптар қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.