Елорда жаңалықтары

Астанадағы «Жағалау» шағын ауданы қалай дамымақ?

Шағын ауданның даму жоспары мен түйткілді мәселелері туралы Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info

 

Сонымен қатар ол аудандағы негізгі мәселелерді айта келе, тұрғын үйлерді салған құрылыс компанияларының қателігін  тұрғындармен бірге түзеп келе жатқандарын атап өтті. 

Есіл әкімі жазбасында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы да атап өтті.

-->

 

Әріптестеріммен "Құлагер-1,2" ТК тұрғындарымен кездестік. Проблемалары ұқсас тұрғын үйлер. Олардың арасындағы ең маңыздысы - ойын алаңының жағдайы. Қазір урбанистермен "Жағалау" ш.а. дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Жоспарымызда - көше көрінісін жақсарту және бірқатар аулаларды күрделі жөндеу. Үйлер аталған тізімде бар. Іске асыруды келесі жылы бастаймыз. Әр қадамды тұрғындармен талқылаймыз,- деп жазды аудан әкімі. 

Сонымен қатар ол аудандағы негізгі мәселелерді айта келе, тұрғын үйлерді салған құрылыс компанияларының қателігін  тұрғындармен бірге түзеп келе жатқандарын атап өтті. 

Біздің аудандағы көптеген үйлердің мәселесі - қоқыс жәшіктерін орнату. Тұрғын үй кешендерін салу кезінде құрылыс компаниялардың көбісі тұрғындар үшін қоқыс алаңдарының ыңғайын ескермейді. Бір жерде жәшіктер тым көп, ал кей жерлерде, керісінше, жеткіліксіз. Құрылысшылардың қателіктерін тұрғындармен бірге түзеп келеміз: жаңа орын тауып, хаттамаға қол жинап, қоқыс алаңының орнын өзгертемізі-деді Ж. Жұмағұлов.

Есіл әкімі жазбасында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы да атап өтті.

Бұдан бөлек, әріптестерімізбен бірқатар сұрақтар жазып алдық: тұрақ, ауланы жарықтандыру, дренаждық ұңғымаларды орнату, жасанды кедергі және т.б. Қарапайым шешімдердің көмегімен тұрғындарымыздың өмірін жеңілдету және жақсарту үшін барлық бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз,-деп жазды ол.