Елорда жаңалықтары

Астанадағы татуласу орталығында тегін көмек алуға болады

Елімізде көпшілік арасында туындаған мәселелердің  41 пайызы  татуласумен аяқталады. Бұл туралы Жоғарғы Соттың татуластыру рәсімдерінің үйлестірушісі Ұлболсын Сүлейменова Қырғызстаннан келген судьялар делегациясымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Экскурсия барысында шетелдік меймандарға  орталықтың өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижелері таныстырылды. Мәселен, былтыр  өтініш білдірген 8024 адамның  3347-сі  татуласты. Сонымен қатар, мекеме қабырғасында 442 заңгерлік қызмет көрсетіліп, 470 азамат психологиялық көмек алды. 

Орталықтың тегін көмегін алу үшін төмендегі мекенжайға баруға болады. Ж.Нәжімеденов көшесі, 10/2 үй.

Дана Амангелді

-->

Соңғы 5 айдың ішінде еліміздің барлық сотында республикалық татуласу көрсеткіші  41 пайызға жетті.  Орталық мамандары әртүрлі бағыттағы дау-дамайды шешумен айналысады. Олар отбасылық, тұрмыстық, қаржылық мәселелер бойынша жұмыс жүргізеді, - деді Ұлболсын Сүлейменова.