Елорда жаңалықтары

Астанадағы әскери бөлімге 150-ге жуық жас сарбаз қосылды

Бүгін елордадағы 6636 әскери бөлім аумағында ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметкен сүйенсек, іс-шарада бөлім командирі полковник Ерлан Боранбаевтың бұйрығымен әскери бөлімнің жауынгерлік Туы шерудің ортасына шығарылды. Кейін ол жауынгерлергерге қызметте сәттілік тіледі. 

28-07-3.jpg

Биыл әскери бөлімнің қатарына 144 жас сарбаз қосылды. Олар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Алматы облыстарынан шақырылған.

Жас ұландықтарды әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Инсафитдин Гареев және 6636 әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Феликс Дульский құттықтады.

28-07-4.jpg

Барлық қатысушылар алдында оқу пунктінің 3 оқу взводының атқышы қатардағы жауынгер Батыр Хайрулин сөз сөйледі.

Ант қабылдағаннан кейін гарнизонның жас сарбаздары салтанатты шеруге шықты.

-->

Жас сарбаздар оқу пунктінде болған кезде әскери құқықтық тәртіптің негіздерімен танысты: олар әскери қызметшінің лауазымдық арнайы міндеттерін, қару-жарақпен және қарусыз саптық техниканы, күнделікті тәртіп элементтерін зерттеді, дене шынықтыру бойынша қабілеттерін дамытты, атыс дайындығын зерттеді, мемлекеттік құқықтық дайындық бойынша білімдерін жетілдірді. Отан қорғаушыларды құттықтауға достары, туған-туыстары, сондай-ақ Қарулы Күштердің ардагерлері келді, - деп жазылған ведомство ақпаратында.

Жас ұландықтарды әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Инсафитдин Гареев және 6636 әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Феликс Дульский құттықтады.

28-07-4.jpg

Барлық қатысушылар алдында оқу пунктінің 3 оқу взводының атқышы қатардағы жауынгер Батыр Хайрулин сөз сөйледі.

Құрметті жауынгерлер! Сіздерді әскери ант қабылдауларыңызбен құттықтаймын! Сізге осы жылға лайықты қызмет етуіңізді тілеймін. Құрметті ата-аналар, біз сіздерге бір жылдан кейін үйге абыроймен және мақтанышпен ораламыз деп уәде береміз! - деді ол.