Елорда жаңалықтары

Астанадағы сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің саны көп

Таңертеңнен бастап Астанадағы сайлау учаскелерінде елорда тұрғындарының белсенділігі жоғары. Сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін және референдумда дауыс беру үшін кезекте тұр, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары атом электр станциясын салуға немесе оған қарсы дауыс беру үшін кезекте тұр. Демалыс күніне қарамастан, сайлаушылардың ағыны Астананың барлық учаскелерінде байқалады.

Учаскелерде музыка қосылып тұр, адамдар бүкіл отбасыларымен дауыс беруге барып жатыр. Бүгінде Астана учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге бел буған жастардың саны да едәуір көп.

Айта кетейік, Астанада 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:

- Ресми веб-қызмет: referendum.astana.kz

- Telegram-да чат-бот арқылы: referendum_astana_bot

- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;


- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.