Астанадағы Сарыбұлақ көшесі жартылай жабылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі учаскеде Сарыбұлақ көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 21 мен 28 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.