Астанадағы қоғамдық көліктердің саны 300 автобуспен толығады
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл тағы қосымша 300 автобус линияға шығады. 1,5 млн халқы бар қалада 2 мыңға жуық автобус болуы қажет. Жаңадан сатып алынған автобустар өте жайлы. Тіпті ішінде ұялы телефондарды қуаттауға жағдай жасалған, - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, қазір Астанада 1 300 автобус бар.
Кездесуде қала басшысы қоғамдық автобустың жолақысына қатысты да өз пікірін білдірді.
Әкімнің айтуынша, оның күнделікті жұмысы маңызды нысандарды аралаудан басталады.
Сәбина КӘКІМЖАН
-->Биыл тағы қосымша 300 автобус линияға шығады. 1,5 млн халқы бар қалада 2 мыңға жуық автобус болуы қажет. Жаңадан сатып алынған автобустар өте жайлы. Тіпті ішінде ұялы телефондарды қуаттауға жағдай жасалған, - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, қазір Астанада 1 300 автобус бар.
Кездесуде қала басшысы қоғамдық автобустың жолақысына қатысты да өз пікірін білдірді.
Жолақысы 2014 жылдан бері өзгерген жоқ. Қазір қалада жолақы - 90 теңге. Ал соңғы 10 жылда жанармай бағасы қымбаттады. Қазір жүргізушінің орташа жалақысы - 500-600 мың теңге. Қалада жүргізушілер жетіспейді. Жергілікті бюджет есебінен олардың жалақысын көтердік. Менің ойымша, жолақысы кеше-бүгін емес, 5-6 жыл бұрын көтерілуі керек еді, - деді елорда әкімі.
Әкімнің айтуынша, оның күнделікті жұмысы маңызды нысандарды аралаудан басталады.
Көшелерді күн сайын тексеремін. Күн сайын қар, мұз бойынша жағдайды бақылаймын. Қазір күнделікті жұмысым аудан әкімдері және жауапты орган өкілдерімен күн тәртібіндегі шұғыл әрі маңызды маусымдық жағдайларды бақылаудан басталады. Кешкілік те осы жұмыстарды қорытындылаумен аяқталады,- деді Ж.Қасымбек.
Сәбина КӘКІМЖАН