Астанадағы Нұржол бульварына мойыл ағаштары отырғызылды (ВИДЕО)
Елордадағы Нұржол бульварында көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәселен бүгінде ірі көлемді мойыл ағаштары отырғызылды.
«Бұл ағаш көздің жауын алып қана қоймай, айналаға ерекше атмосфера сыйлайды. Мойыл ағашы көктемде мол және хош иісті гүлдеуімен, жоғары сәндік сипатымен, қалалық ортаға төзімділігімен, ауаны тазартып, жәндіктерді алыстататын қабілетімен бағаланады»,- делінген қалалық Урбанистика орталығы таратқан хабарламада.
Сонымен қатар бульвар бойында көпжылдық бұталар да отырғызылды.