Елорда жаңалықтары

Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде жаңадан жол салынды

«Есіл» ауданында жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Соның бірі – Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында бұрын болмаған жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Атап айтқанда, Әлихан Бөкейхан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта тұрғындар үшін ыңғайлы және кең тротуар төселіп, көше келбеті жаңартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.