Елорда жаңалықтары

Астанадағы көші-қон мәселелері талқыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері елордадағы көші-қон ағындарын реттеу және бақылау мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен өтті. 

Вице-министр  Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында көші-қон мәселелерінің негізгі ережелері айқындалғанын және 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасында көрініс тапқанын атап өтті.

Өз кезегінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша әзірленген ұсыныстар туралы хабардар етті. Оларды талқылағаннан кейін халықаралық тәжірибені ескере отырып, көші-қон ағындарын реттеу және бақылау бойынша қосымша ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

-->