Елорда жаңалықтары

Астанадағы «Көктал» саябағында 300-ден аса түп ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада өткен жалпықалалық сенбілік барысында елордадағы «Көктал» саябағына 300-ден аса түп ағаш отырғызылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ағаш отырғызуға елорда әкімдігі мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. «Көктал» саябағында 300-ден аса түп алма, қайың және басқа да көшеи түрлері отырғызылды.

«Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сарыарқа» ауданының аумағында 2500-ге жуық ағаш отырғызылды. Сондай-ақ тұрғындарға аулаларға егу үшін көшеттер таратылды», - деді аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев.

Сенбілікте мемлекеттік органдардың, білім беру, Медициналық және мәдени ұйымдардың, ПИК/МИБ өкілдері, сондай-ақ тазалыққа бей-жай қарамайтын тұрғындар белсенділік танытты.