Астанадағы өңірлер жәрмеңкесі маусымын Түркістан облысы ашты
Астанада Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңкеде Түркістан облысы шаруагерлерінің өнімдері ұсынылды, деп хабарлады Еlorda.info.
Іс-шараға 80-нен астам тауар өндіруші қатысты, олар өздерімен бірге 556 тоннаға жуық өнім алып келді.
Астана тұрғындарына көкөністер, жемістер, балық, ет, сүт және басқа да өнімдер ұсынылды. Жоғарыда аталған өнімдердің құны нарық бағасынан төмен.
Ұйымдастырушылар келесі аптада жәрмеңкеге Жамбыл және Атырау облыстарынан көкөніс, балық өнімдері әкелінетінін атап өтті.
Жәрмеңкеге келушілер тиімді бағамен азық-түлік сатып алып қана қоймай, концерттік бағдарламаны да тамашалады.
Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері 2 қыркүйектен 29 қазанға дейін ҚазҰӨУ алдындағы Тәуелсіздік 50 мекенжайы бойынша өтеді.
Алина Мороз
-->

"Мен үшін бұл, ең алдымен, қол жетімді баға және жақсы таңдау. Сіз мұнда әлдеқайда арзан сатып ала аласыз. Жәрмеңке қаланың бірнеше нүктесінде өткенін қалаймын. Себебі барлығына оған ыңғайлы жетуге мүмкіндік болар еді", - деді қала тұрғыны Әсем Орсаева.