Елорда жаңалықтары

Астанадағы инватаксилер саны екі есе артты

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесуінде айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Инватакси қызметін жеткізушілермен кездестім. Мәселен, биыл инватакси саны екі еседен аса артты. Яғни 50 машинадан 113-ке дейін ұлғайды. Осы мақсатта инватакси қызметін сатып алу үшін биыл 875 млн теңге бөлінді. Бірақ мұның өзі де қаланың қажеттіліктерін толығымен қамти алмайды.

Негізгі проблема – мүгедектер арбасына таңылған жандар үшін инватакси ретінде пайдалануға болатын мамандандырылған көлік құралдарының болмауы. Жауапты басқармаға осы мәселені қазақстандық автоөндірушілермен бірлесе қарастыруды тапсырдым. Инватакси санын көбейту жұмысын ары қарай жалғастырамыз, - деп жазды қала әкімі.