Елорда жаңалықтары

Астанадағы бірқатар көше уақытша жабылады

15 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты Астанадағы бірқатар көше жабылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

- Хусейн бен Талал көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына қарай 70 метрге;

- Жаңадария көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағын ауданына қарай 70 метр.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан көшелердегі кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауды және балама көшелерді пайдалануды сұрайды.