Елорда жаңалықтары

Астанадағы «Байқоңыр» ауданында 10 жылы аялдама орнатылды

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданында 1 200-ге жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы аудан әкімі Талғат Рахманберді «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен өткен кездесу барысында айтты.

«Біздің жұмыстың басым бағыттардың бірі – ауданды көгалдандыру. Бүгінде жыл басынан бері тұрғын алаптарда 349 дана ағаш отырғызылды (аудан бойынша 2024 жылы барлығы 1 204 дана ағаш отырғызылды)», - деді әкім.

Фото: Сабина Кәкімжан

Сондай-ақ Талғат Абайұлы жылы аялдамалар туралы айтты.

«2024 жылы 10 жылы аялдама орнатылды. Олар «Өндіріс» тұрғын алабында Қ.Кемеңгерұлы, Үшқоңыр, Тайбурыл көшелерінде қойылды», - деді Талғат Рахманберді.