Елорда жаңалықтары

Астанадағы «Қанаттылар» инклюзивті театрына қолдау көрсетілді

Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек  «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хаабрлады Elorda.info.

 

21-09-14.jpg

21-09-13.jpg

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 363 студент Астанадағы жоғары оқу орындарының білім грантының иегері атанды. Спорт саласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жас Жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубтары ашылды.

21-09-16.jpg

21-09-15.jpg

 

-->

 

21-09-14.jpg

Қордың арқасында Астананың өзінде 13 қайырымдылық жоба мен бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Денсаулық сақтау саласында қымбат дәрі-дәрмектер сатып алынады, дәрігерлерді шетелдік клиникаларда оқыту бойынша жобалар іске асырылуда. Астананың бірқатар тұрғыны инновациялық протездермен және экзоскелеттермен қамтамасыз етілген. «Қанаттылар» инклюзивті театрына қолдау көрсетілді, - деді әкім.

21-09-13.jpg

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 363 студент Астанадағы жоғары оқу орындарының білім грантының иегері атанды. Спорт саласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жас Жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубтары ашылды.

21-09-16.jpg



Кездесуде елордада жүзеге асыруға арналған бірқатар әлеуметтік-білім беру бастама ұсынылды. Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясымен, бочча федерациясымен бірлесіп, әкімдік алдағы жылдары Астанада салынатын оқушылар сарайларының базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған секциялар ұйымдастыру туралы ұсынысты қолдады, - деді Жеңіс Қасымбек.

21-09-15.jpg