Елорда жаңалықтары

Астанадағы Алаш тасжолы бойындағы көпірді жөндеу биыл аяқталады

Қала басшысымен кездесуге келген тұрғындардың бірі Алаш тасжолы бойындағы көпірдің мәселесін көтерді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, өткен жұма күні аталған орында 9 автокөлік соқтығысқан. 

Қала басшысы мұнда жұмыс тиісті жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. 

-->

Оның айтуынша, өткен жұма күні аталған орында 9 автокөлік соқтығысқан. 

Қала басшысы мұнда жұмыс тиісті жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. 

Бұл көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер компания апта сайын есеп береді, жағдай бақылауда. Жөндеу жұмыстары былтыр басталған кезде бірден ескерткен болатынбыз, биыл тамыз айының соңында жөндеу жұмыстары аяқталуы керек. Құрылыс компаниясының қаражаты жеткілікті. Жұмыс тоқтаған жоқ, - деді Жеңіс Қасымбек.