Астанада XI азаматтық форум өтеді
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімінің басшысы Айдана Қамзаева мен «КАМЕДА» қоғамдық қорының атқарушы директоры, «ҮЕҰ Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Махаббат Еспенова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы «Заңды тұлғалар бірлестігі» мен КАМЕДА қоғамдық қоры бірлесіп, «Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның әріптестігі» тақырыбында XI астаналық азаматтық форум өткізеді. Басқосу 2023 жылдың 5 қазанына жоспарланып отыр.
Азаматтық форум - азаматтық қоғамды перспективалық дамыту және олардың құқықтық мемлекет құруға қатысуы жөніндегі шешімдерді әзірлеу үшін мемлекет, бизнес, азаматтық қоғамның қатысуымен интерактивті диалог алаңы болып табылады. Форум-3 сектор арасында тиімді және сындарлы диалог құрудың басты алаңы.
Ең алғаш рет тұңғыш форум 2003 жылы Астана қаласында өтті. Оған саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, діни бірлестіктер, азаматтық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, бүкіл азаматтық қоғам өкілдері жиналған болатын. Осылайша, форум аясында қоғамның барлық 3 секторын біріктіру және дамудың біртұтас векторын қалыптастыру үшін екі жыл сайын жиналу дәстүріне айналды.
Биылғы форум ерекше маңызды рөлге ие болуда, өйткені еліміздің барлық 14 облысынан алғаш рет әртүрлі, әрқайсы әлеуметтік маңызға ие тақырыппен өтті.
-->Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы «Заңды тұлғалар бірлестігі» мен КАМЕДА қоғамдық қоры бірлесіп, «Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның әріптестігі» тақырыбында XI астаналық азаматтық форум өткізеді. Басқосу 2023 жылдың 5 қазанына жоспарланып отыр.
Азаматтық форум - азаматтық қоғамды перспективалық дамыту және олардың құқықтық мемлекет құруға қатысуы жөніндегі шешімдерді әзірлеу үшін мемлекет, бизнес, азаматтық қоғамның қатысуымен интерактивті диалог алаңы болып табылады. Форум-3 сектор арасында тиімді және сындарлы диалог құрудың басты алаңы.
Ең алғаш рет тұңғыш форум 2003 жылы Астана қаласында өтті. Оған саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, діни бірлестіктер, азаматтық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, бүкіл азаматтық қоғам өкілдері жиналған болатын. Осылайша, форум аясында қоғамның барлық 3 секторын біріктіру және дамудың біртұтас векторын қалыптастыру үшін екі жыл сайын жиналу дәстүріне айналды.
Биылғы форум ерекше маңызды рөлге ие болуда, өйткені еліміздің барлық 14 облысынан алғаш рет әртүрлі, әрқайсы әлеуметтік маңызға ие тақырыппен өтті.
Былтырғы халыққа Жолдауында жарияланған президенттік директиваны іске асыруды жалғастыра отырып, «Бізде болашақтың айқын бейнесі және жаңа Қазақстанның - мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекеттің контуры бар. Бұл мәселеде кез келген еліктеу, диалогтың көрінуін жасау мүмкін емес. Біз елдегі азаматтық белсенділікті оятып, мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестік процесін бастауға тиіспіз» дегім келеді.
Алдағы Азаматтық форум стратегиялық шешімдерді әзірлеу және азаматтардың құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қатысуы мақсатында мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы үшін маңызды арена ретінде қызмет ететін болады, - дейді Айдана Қамзаева.