Елорда жаңалықтары

Астанада велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталады

Астанада 31 қазанда велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлады Elordainfo.kz «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлық станциялардағы велосипедтер 31-нен 1-не қараған түні сағат 00:00-де бұғатталады. Осыдан кейін жалдауды пайдалану мүмкін болмайды», - деді «City Transportation Systems» ЖШС.

Абоненттік төлем келесі маусымға сақталмайды, тек теңгерім ауыстырылады. Қажет болса теңгерімде қалған қаржыны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады.