Елорда жаңалықтары

Астанада тозығы жеткен үйлер мен ескі сауда нысандары сүріліп жатыр

Астанадағы «Тұлпар» сауда орталығының алдындағы тозығы жеткен үйлер мен ескі сауда нысандары сүрілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Елорда тұрғындарына жақсы таныс «Тұлпар» сауда орталығының алдындағы тозығы жеткен үйлер мен ескі сауда нысандарын сүру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл тарихи қадам қаланың көркін арттырып, қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Аталған аумақ көп жылдан бері қала келбетіне кері әсерін тигізіп, проблемалық учаскелердің бірі болып келді. Биыл абаттандыру арқылы жаңа кейіпке енеді», - деді Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Аудан әкімінің айтуынша, сүру жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл аумақта тұрғындар игілігі үшін қолайлы қоғамдық кеңістік жайластырылады.

Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық демалыс аймағын және көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @talgat_rakhmanberdi