Елорда жаңалықтары

Астанада өтетін жәрмеңкеге екі облыстың тауар өндірушілері 400 тонна өнім әкеледі

Астанада алдағы өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 20-21 қыркүйек күндері өтеді. Осы Абай мен Атырау облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының аграрлық өндірушілері әртүрлі ет, балық, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидекті тікелей фермерлерден жеткізеді. Бұл азық-түлік қолжетімділігін арттыруға және отандық өндірушіні қолдауға ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға шамамен 400 тонна өнім әкеледі, оның ішінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері, шамамен 20 тонна басқа азық-түлік өнімдері бар. Қала тұрғындары мен қонақтары өнімді тікелей фермерлерден сатып алып қана қоймай, өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағы аумағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобустары қатынайды.