Елорда жаңалықтары

Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды

13 және 14 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанады. Нақтырақ айтқанда:
1. Салтанат Сарайы;
2. «Әзірет Сұлтан» мешіті;
3. Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайды.