Елорда жаңалықтары

Астанада теміржол вокзалында жарылыс болды

Астанадағы теміржол вокзалында трансформаторлар салынған контейнер жарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Төтенше жағдай ескі вокзалда болған. 

"2025 жылғы 14 ақпанда сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, контейнерде электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған", – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болған. 

Құзырлы органдар бұл жайтқа қатысты тергеу амалдарын бастап кетті.