Астанада танымал спортшылар инклюзия кабинеттерінің жұмысымен танысты
Астанада Триатлон саябағында 29 сәуірде Run for autism қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ал бүгін қайырымдылық жарысына қатысушылар№89 «Қыз Жібек» балабақшасындағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты. Олардың қатарында ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедова, ҚР еңбек сіңірген спорт шебергі, ММА және джиу-джитсудан 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов және т.б. бар.
Run for autism қайырымдылық жарысын «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр. Қор еліміздің 22 қаласындағы мектептер мен балабақшаларда 46 инклюзия кабинетін ашты. Нәтижесінде аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 700-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды.
Ресми деректерге қарағанда, елімізде аутизм диагнозы қойылған 9 мыңға жуық бала тұрады. Ал 2022 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша елордада 2 256 бала бар. 2015 жылдан бері «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында Астана қаласынан 130-дан астам бала білім алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық жарысынан жиналған қаражат «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларды қолдауға жұмсалады.
Айта кетейік, жүгіру жарысына кәсіби спортшылар, желаяқтар, әуесқой спортшылар, ерекше балалар, ата-аналар және т.б. қатысады. Жарыс 1, 2, 5 және 10 шақырым қашықтыққа есептелген.
-->Астанада Триатлон саябағында 29 сәуірде Run for autism қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ал бүгін қайырымдылық жарысына қатысушылар№89 «Қыз Жібек» балабақшасындағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты. Олардың қатарында ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедова, ҚР еңбек сіңірген спорт шебергі, ММА және джиу-джитсудан 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов және т.б. бар.
Кабинетте 4 және 6 жас аралығындағы аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларға қолдау көрсетіледі. Кабинет мамандары балаларға сөйлеу, коммуникативтік және тұрмыстық дағдыларды дамытуға және жетілдіруге, құрдастарымен тіл табысуға көмектеседі, - деді куратор Күмісай Әлденова.
Run for autism қайырымдылық жарысын «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр. Қор еліміздің 22 қаласындағы мектептер мен балабақшаларда 46 инклюзия кабинетін ашты. Нәтижесінде аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 700-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды.
Бізді серіктестеріміз, тұрақты достарымыз қолдағанына өте қуаныштымыз. Бүгін біз оларды «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының жұмысын көрсетуге, жобамыз туралы толығырақ айтып беру, қайырымдылық қаражаттың қайда жұмсалатынын көрсету үшін шақырдық. Бүгінгі күні жарысқа бірнеше жүз адам тіркелді және біз қатысушылар саны әлі де артады деп үміттенеміз, - деді «Болашақ» қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
Ресми деректерге қарағанда, елімізде аутизм диагнозы қойылған 9 мыңға жуық бала тұрады. Ал 2022 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша елордада 2 256 бала бар. 2015 жылдан бері «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында Астана қаласынан 130-дан астам бала білім алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық жарысынан жиналған қаражат «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларды қолдауға жұмсалады.
Айта кетейік, жүгіру жарысына кәсіби спортшылар, желаяқтар, әуесқой спортшылар, ерекше балалар, ата-аналар және т.б. қатысады. Жарыс 1, 2, 5 және 10 шақырым қашықтыққа есептелген.
2019 жылдан бастап әуесқой спортпен айналысамын. Мен жарыста 5 шақырым қашықтыққа жүгіремін. Биыл жарысқа менің бауырларым да қатысады. Жарысқа алғаш рет қатысатын азаматтарға 1 мен 2,5 шақырым қашықтыққа жүгіруге кеңес беремін, - деді әуесқой спортшы Лаура Оңғарова.