Елорда жаңалықтары

Астанада тамыз айында өңірлер жәрмеңкесі басталады

Биыл елордада дәстүрлі өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 26 тамызда басталады. Бұл туралы қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы Халел Әкімжанов айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

 

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

 

26 тамыз күні жылда өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін бастағалы отырмыз. Ең алғашқы болып Түркістан облысы бастайды. Өнімдер елордадағы бағадан 15-20 пайыз төмен болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тікелей астанаға әкеліп, қала тұрғындарына сатады. Бұған дейін жәрмеңке «Астана Арена» стадионының автотұрақ алаңында өтіп жүрді. Бірақ биыл ЭКСПО алаңында өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді басқарма басшысы.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ