Елорда жаңалықтары

Астанада тағы екі көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі

Ш.Уәлиханов көшесі мен Абылайхан даңғылы бойында жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

 

-->

 

Осыған байланысты 22-24 шілде аралығында Ш.Уәлиханов көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Сонымен қатар, 22-24 шілде аралығында Абылай хан даңғылының Ғ. Мүсірепов көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп жазылған хабарламада.