Астанада тағы бір тұрғын үй кешенінің ауласы абаттандырылды
Байқоңыр ауданының Абай даңғылы бойында орналасқан «Эгалите» тұрғын үй кешенінің ауласы қайта абаттандырылып, салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауланың ашылу құрметіне ашық аспан астында кең дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Балалар мен спорт алаңдарына 500 шаршы метр тартан жабындысы жайылды. 150 көлікке арналған автотұрақ жайластырылып, 100 велосипедке арналған велотұрақ орнатылды.
Сонымен қатар, 12 шағын сәулеттік форма мен 8 спорттық құрылғы қойылды.
Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында аула жарықтандырылып, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдар да жаңартылды.
Осылайша «Эгалите» тұрғын үй кешенінің ауласы тұрғындардың күнделікті өміріне жайлылық сыйлайтын қауіпсіз әрі заманауи ортаға айналды.
Еске сала кетейік, биыл Астанада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылып жатыр. Бұл жұмыстар қаланың барлық ауданын, соның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Қазіргі таңда сол жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.