Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына жабылады
Республика даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған байланысты 8-10 қыркүйек аралығында Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
-->Осыған байланысты 8-10 қыркүйек аралығында Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп жазылған хабарламада.