Астанада Тәуелсіздік даңғылы уақытша жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 24-25 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Б.Майлин көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.