Астанада тұрғын алаптар бойынша қоғамдық тыңдау өтеді
Астана қаласы тұрғын алаптарының жай-күйі мен дамуы туралы қоғамдық тыңдау өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының Қоғамдық кеңесі 2023 жылы 15 қарашада сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің Мәжіліс залында (Бейбітшілік көшесі, 11, 221-бөлме) «Елордада «2019-2023 жылдарға арналған инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласын жинақы құрылыс салу жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде Астана қаласының тұрғын алаптарының жай-күйі мен дамуы туралы» мәселесі бойынша тыңдау өткізеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамдық тыңдауға қатысуға ниет білдірген азаматтарды тіркеу 13 қараша күні сағат 17.00-ге дейін 55-72-28 телефоны бойынша жүргізіледі.
-->Астана қаласының Қоғамдық кеңесі 2023 жылы 15 қарашада сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің Мәжіліс залында (Бейбітшілік көшесі, 11, 221-бөлме) «Елордада «2019-2023 жылдарға арналған инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласын жинақы құрылыс салу жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде Астана қаласының тұрғын алаптарының жай-күйі мен дамуы туралы» мәселесі бойынша тыңдау өткізеді.
Аталған мәселе бойынша сіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды Қоғамдық кеңеске astana_sovet@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша немесе 55-72-28 телефоны бойынша жіберулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамдық тыңдауға қатысуға ниет білдірген азаматтарды тіркеу 13 қараша күні сағат 17.00-ге дейін 55-72-28 телефоны бойынша жүргізіледі.