Елорда жаңалықтары

Астанада тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинацияны кімдер тегін ала алады

Астана тұрғындары тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцинацияны тегін ала алады. Екпе салдыру 6 айдан бастап балаларға, жасөспірімдерге, барлық жастағы ересектерге, сондай-ақ 16-дан 37 апталық мерзім аралығында жүкті әйелдерге қолжетімді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Вакцина алу үшін учаскелік дәрігерге жазылмай-ақ, қабылдау уақытында баруға болады. Диспансерлік есепте тұрған егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастардың вакцинациядан өтуі аса маңызды.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін мамандар келесі шараларды ұстануға кеңес береді:

• маска тағу және антисептик қолдану;

• көп адам жиналатын орындарға баруды шектеу;

• бөлмелерді жиі желдетіп, дымқыл тазалық жүргізу;

• ауырып жүрген адамдармен қарым-қатынасты азайту;

• дұрыс тамақтану;

• ауру белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу.

Қазіргі таңда екпені 80 264 адам (55,3%) салдырды. Медициналық қызметкерлер де өздерін және науқастарын қорғау мақсатында вакцинациядан өтіп жатыр.

Қосымша ақпаратты емхананың тіркеу бөлімінен ала аласыздар.