Елорда жаңалықтары

Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екенін қаперге береді. 

-->

Осыған байланысты, 25 маусым сағат 00:00-ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылды, - деп жазылған хабарламада.