Елордада Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады
Жол жұмыстарын жүргізуге байланысты Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады, деп хабарлады Elorda.info.
Осы жылы Тұран даңғылы бойынша Керей – Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда (2023 жылы Тұран даңғылы бойынша «Тұлпар» көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілді). Жұмыстар учаскелердің тоқсан сайын жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады. Бұл туралы «Сity Transportation Systems» ЖШС ресми сайтында танысуға болады cts.gov.kz Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде.
-->Осы жылы Тұран даңғылы бойынша Керей – Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда (2023 жылы Тұран даңғылы бойынша «Тұлпар» көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілді). Жұмыстар учаскелердің тоқсан сайын жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Биылғы 19-24 сәуір аралығында жұмыстар Керей – Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде жүргізілетін болады. Осыған байланысты Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (қаладан әуежайға қарай) жүзеге асырылатын болады, - деді «Сity Transportation Systems» ЖШС.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады. Бұл туралы «Сity Transportation Systems» ЖШС ресми сайтында танысуға болады cts.gov.kz Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде.