Астанада спортшылар қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше акция өткізді
Астанада спортшылар қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше акция өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қызметкерлері мен елімізге танымал спортшылар қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше акция ұйымдастырды. Таңғы самалмен елорданың басты көшелеріне шығып, олар коммуналдық қызметкерлер мен қала қонақтарына қазақстандық шоколад үлестіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
фото:Дене шынықтыру және спорт басқармасы/instagram
Бұл игі шараға ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Едіге Емберді, киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионы Ұлжан Рақышева, тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының жүлдегері Биғали Зекрияев, сондай-ақ ашихара каратэден үш дүркін әлем чемпионы Саян Жанділдин сынды танымал спортшылар қатысты.