Елорда жаңалықтары

Астанада спорт саласы қызметкерлерінің арасында велошеру өтті

Елордада  спорт күніне орай алғаш рет спорт саласының қызметкерлері арасында бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлады Elorda.info

25 шақырымдық қашықтықты еңсеруге келген спорт қызметкерлері таңғы жетіден бастап, елорданың іргесіндегі биыл қала мәртебесін алған Қосшы елді мекенінің айналма веложолына жиналды. Спорт қызметкерлерімен бірге Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, таэквондодан Олимпиаданың тұңғыш жүлдесін алған Арман Чилманов және қалалық спорт басқармасына қарасты мекеме басшылары, спорт ардагерлері  «Үркер» елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейін жалғасқан қашықтықты еңсерді.

вело.jpg

Велошерудің ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Астана Орманы» ЖШС атқарушы директоры Юсуп Келигов және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, басқа да спорт майталмандары мен спорт ошақтарының басшылары қатысты.

Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Астана Орманы» ЖШС атқарушы директоры Юсуп Келиговке берілді. Ол өз сөзінде:

Іс-шара барысында Самат Жылқыбаев ҚР Мәдениет және Спорт министрі Асхат Ораловтың, қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің  алғыс хатын, «Үздік спорт қызметкері», «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін спорт саласында қажырлы еңбек еткен жандарға табыстады. Сондай-ақ, басқарма басшысы ағымдағы жылдың маусым айында Грузияның Батуми қаласында шахматтан өткен әлем чемпионатында топ жарып, 12 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Алтынбек Айаруды жеңісімен құттықтады.  Көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатқан жерлесімізге құрмет көрсетіліп, басқарма тарапынан велосипед сыйға берілді.

вело 3.jpg

Спорт саласының қызметкерлері тек велошерумен шектелмей, гір тасын көтеру, асық ату, армрестлинг, арқан тарту сынды сайыстарда да күш сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша 1, 2, 3-орын алған жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстандық конькиші, жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстанның, Әлемнің екі мәрте жеңімпазы, 1994 жылдары Норвегияның аумағында орналасқан Лиллехаммерде қаласында және Жапония елінің Нагано қаласында өткен қысқы Олимпиадалық ойындарының қатысушы Кенжеш Сарсекенова мереке қарсаңында спорт қызметкерлері назардан таса қалмайтының, елеп-ескерген қала әкімшілігіне алғысын білдірді.

Мерекенің соңында қатысушылар арасында лоторея ойнатылып, арнайы сыйлықтар табысталды.

                                     Қанат Байұзақов

-->

Әріптестер, сіздерді Астананың көрікті жерлерінің бірі - «Жасыл белдеуде» көргеніме қуаныштымын. Қаламызда жиі өткізілетін бұқаралық велошеру бүгінде жақсы дәстүрге айналып, жиі өткізіліп тұрады. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға 300-ден аса спорт қызметкерлері  жарыс жолына шықты. Бұндай спорттық шаралар бұқаралық спорттың дамуына үлкен үлесін қосады. Бүгін сіздер тек велосипед айдап қана қоймай, «Жасыл белдеуіміздің» керемет әсерін сезіндіңіздер деп, ойлаймын. Сіздердің қызметтеріңіздің арқасында еліміздің көк туы өзге елдерде желбіреп жатыр. Істеріңізге табыс тілеймін!, - деді.

Іс-шара барысында Самат Жылқыбаев ҚР Мәдениет және Спорт министрі Асхат Ораловтың, қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің  алғыс хатын, «Үздік спорт қызметкері», «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін спорт саласында қажырлы еңбек еткен жандарға табыстады. Сондай-ақ, басқарма басшысы ағымдағы жылдың маусым айында Грузияның Батуми қаласында шахматтан өткен әлем чемпионатында топ жарып, 12 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Алтынбек Айаруды жеңісімен құттықтады.  Көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатқан жерлесімізге құрмет көрсетіліп, басқарма тарапынан велосипед сыйға берілді.

вело 3.jpg

Велошерудің атмосферасы жақсы әсер сыйлап, шара өте жоғарғы деңгейде өтті. Жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мен де  қатысушылармен бірге мәре сызығын кесіп өттім. Қаламыздағы спорттық жарыстарға жиі қатысып тұрамын. Кейде велосипедімді алып, бір-екі сағатқа қала шетіне шығып тұратыным бар, - дейді таэквондодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов.

Спорт саласының қызметкерлері тек велошерумен шектелмей, гір тасын көтеру, асық ату, армрестлинг, арқан тарту сынды сайыстарда да күш сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша 1, 2, 3-орын алған жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстандық конькиші, жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстанның, Әлемнің екі мәрте жеңімпазы, 1994 жылдары Норвегияның аумағында орналасқан Лиллехаммерде қаласында және Жапония елінің Нагано қаласында өткен қысқы Олимпиадалық ойындарының қатысушы Кенжеш Сарсекенова мереке қарсаңында спорт қызметкерлері назардан таса қалмайтының, елеп-ескерген қала әкімшілігіне алғысын білдірді.

Спорт қызметкерлерін құрметтеп, өткізген велошеруге алғысым шексіз. Осы істің басы-қасында жүрген жандарға, қала  әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Осындай іс-шаралардың көптеп өткізілуі осы саладағы мамандардың еленуіне, қызметінің маңыздылығын сезінуіне мүмкіндік береді, - дейді Кенжеш Садыққызы.