Елорда жаңалықтары

Астанада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатқан деректер анықталды

Бүгін елордада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

18-03-7.jpg

Осындай тәртіптік іс-шара барысында Есіл ауданындағы дүкендерде орын алған заң бұзушылықтар бойынша тексеріс жүргізілді. 

Рейдке Есіл ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Алдауов, аудандық учаскелік полиция инспекторы Ерзат Кокенов, Есіл ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Жансая Молдабекқызы, "Жастар Рухы" Жастар қанатының волонтерлері қатысты.

Мұнда  алдын алу жұмыстары жүргізіліп, ҚР заңнамасында белгіленген орындарда табак өнімдерін пайдалану саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактілері анықталды.

Кейбір дүкен иелері жеткіншектердің жас мөлшерін сұрамай, бірден тыйым салынған табак өнімдерін сатып келген.

Атап айтқанда, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату мен қатар 18 жасқа толмағандарға вейб сату фактілері анықталды.

Әкім орынбасарының айтуынша, рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 

Рейдтер барысында Сауран көшесі 20 мекен-жайы бойынша орналасқан  "Қуаныш", Сауран көшесі 9а-да орналасқан "Амир" дүкені, Сауран 14-те орналасқан Parish электрондық темекі дүкені  және т.б. қамтылды. 

Айта кетеік, елімізде 2015 жылдан бастап насыбайды өндіруге және таратуға тыйым салынған. Алайда әлі күнге дейін азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. 

-->

Әлбетте, Заңды жақсы білеміз. Біз көбінесе түріне қарап, сатып алушылардың жас мөлшерін ажыратамыз. Клиенттер көп болған соң жеке куәлігін сұрауды ұмытып кеттік, - деді заң бүзушылықтар анықталған дүкен иелері.  

Атап айтқанда, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату мен қатар 18 жасқа толмағандарға вейб сату фактілері анықталды.

Атырауда  өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шегілмейтін темекі өнімдерін тұтыну заңсыз әрі мәдениеттілікке жатпайтынын атап өтті. Соның алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Бүгін Есіл ауданы бойынша түскі уақытқа дейін 20-ға жуық мекемеге рейд жұмыстары жүргізіліп, 4 заңбұзушылық анықталды, - деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Серікұлы.

Әкім орынбасарының айтуынша, рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 

Рейдтер барысында Сауран көшесі 20 мекен-жайы бойынша орналасқан  "Қуаныш", Сауран көшесі 9а-да орналасқан "Амир" дүкені, Сауран 14-те орналасқан Parish электрондық темекі дүкені  және т.б. қамтылды. 

Заң бұзған дүкен иелеріне хаттама толтырылды және 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынды. Бұл – 92 300 теңгеге тең сома.  Егер азаматтар айыппұлды  7 күн ішінде төлесе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған, - деді Есіл  полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Ерзат Кокенов.