Астанада Шандор Петөфи атындағы жаңа көше ашылды
Ақын Шандор Петөфидің есімімен аталған көшенің салтанатты ашылу рәсімі Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары аясында өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Питер Сийярто, ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және елорда тұрғындары қатысты.
Питер Сийярто өз кезегінде Қазақстанға көп жылғы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
Ол сондай-ақ ақынның 1000-нан астам шығармасынан тұратын Шандор Петөфидің жинағы қазақ тілінде жарияланатынын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Шандор Петөфи – венгр халқының ұлттық поэзиясының ең көрнекті өкілі және 1848-1849 жылдардағы революцияның белсенді қайраткерлерінің бірі.
-->Іс-шараға Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Питер Сийярто, ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және елорда тұрғындары қатысты.
Биыл Қазақстанда атақты венгр ақын Шандор Петөфидің 200 жылдығы атап өтілді, ал бүгін біз оның құрметіне еліміздің бас қаласында көше ашу үшін бас қосып отырмыз. Бұл ортақ тарихи тамыры бар екі халық арасындағы достықтың тағы бір белгісі, – деп атап өтті Мұрат Нұртілеу.
Питер Сийярто өз кезегінде Қазақстанға көп жылғы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
Қазақстан мен Венгрия – мәдениеті бай және тарихи ерекшеліктері ұқсас елдер, сондықтан біздің ынтымақтастығымыз бірінші кезекте өзара түсіністікке негізделген. Мұндай сенімді қарым-қатынас екі ел үшін де даму жолында жақсы қолдау болып саналады, – деді ол.