Астанада Ш.Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Қ.Мұхамедханов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралығында жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«28 маусым мен 5 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.