Астанада Серкебаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Серкебаев көшесінің бойында нөсерлі кәріз желілерін енгізу жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 2 тамыз күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылды..
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.
