Астанада сегіз автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді
Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті жолаушылар!
25-30 шілде аралығында Конституция көшесінің Ш.Бейсекова көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс шектелуіне байланысты №5, 5А, 6, 20, 37, 71, 72 және 81 бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Қозғалыс өзгерісі келесі кесте бойынша жүзеге асады:
25 шілде – 06:30-дан 10:30-ға дейін;
26 шілде – 07:00-ден 14:30-ға дейін;
27 шілде – 07:00-ден 15:30-ға дейін;
30 шілде – 18:00-ден 00:00-ге дейін.
Өзгерген қозғалыс сызбасы төменде көрсетілген.