Астанада «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды
Сарыарқа ауданы Қарталы көшесі, 5/1 мекенжайында «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақ отбасы ұлттық киіммен өрнектелген бұл муралда салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы, бірлігі бейнеленген.
Муралдың орталық элементі – шаңырақ, яғни қазақ үйдің жоғарғы бөлігі, тектілік, қарашаңырақ (үй) бейнеленген.
Шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді. Жанұя бейнесінің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасымен тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.
-->