Астанада сауда үйінің жертөлесі өртенді
Астанада Байқоңыр ауданындағы сауда үйлерінің бірінің жертөлесі өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жалпы аумағы 50 шаршы метр болатын жертөледе қағаз бұйымдары, қораптар мен декоративтік бұйымдар жанған.
«Құтқарушылар күшімен өрт толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - делінген хабарламада.