Астанада Сарыбұлақ өзенінің аумағынан 25 тонна қоқыс шығарылды
Елордада Сарыбұлақ өзенінің беті мен жағасында санитарлық тазарту тұрақты жүргізілуде, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сарыбұлақ өзенінде табиғатты қорғау іс-шараларына арналған шартқа сәйкес мердігер ұйым тұрақты негізде су беті мен жағалау аумағын тұрмыстық қатты қалдықтардан және басқа да қоқыстардан, тинадан санитарлық тазарту жүргізеді. Сондай-ақ, қамыс пен балдыр шөптерді ору жұмысы орындалады.
Санитарлық тазалау күнделікті негізде Есіл өзеніндегі Сарыбұлақ сағасына дейінгі теміржол желісіндегі учаскеде де жүргізіледі.
Сонымен қатар, Сарыбұлақ өзенінің батпақты болуына және жағымсыз иісіне су деңгейінің төмендеуі және табиғи ағынның болмауы себеп. Жаз мезгілі басталысымен, әсіресе жоғары температурада балдырлар мен фитопланктондар көбейеді.
Сәуір айынан бастап бүгінге дейін мұнда 670 тоннадан астам арамшөп шабылып, 25 тонна ҚТҚ және басқа да қоқыс шығарылды.
Жұмыс қараша айына дейін жалғасады.
-->Елордада Сарыбұлақ өзенінің беті мен жағасында санитарлық тазарту тұрақты жүргізілуде, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.