Елордада Сарыбұлақ өзенін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр
Астанада пилоттық режимде «Сарыбұлақ ағынын Биологиялық ремедиациялау (оңалту)» жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Жоба Сарыбұлақ ағынының экожүйесін қалпына келтіруге және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайтуға бағытталған. Су қоймасының жоғарғы бөлігінде орналасқан учаскенің ауданы 30 гектарды құрады.
Оның айтуынша, балдырлар (цианобактериялар) жағымсыз иіс пен улы заттарды – цианотоксиндерді шығарады, судың сапасын төмендетеді және балықтың қырылуына әкеледі.
Айдар Рашид судың көк-жасыл түске өзгеруіне жол бермеудегі жасыл балдырлардың рөлін арттыру үшін тоғанға Chlorella Vulgaris арнайы штамының жасыл балдырлары енгізілетінін түсіндірді. Планктондық қасиеттерімен бұл штамм Aphanizomenon, Anabaena, Oscillatoria және Microcystis тұқымдас көк-жасыл балдырлардың өсуі мен дамуын тежейді, нитраттардың, фосфаттардың құрамын едәуір азайтады, оттегінің деңгейін жоғарылатады және су қоймасында өзін-өзі тазартудың табиғи механизмдерін іске қосады.
Жобаны іске қосуды қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы экология департаменті, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы, «Қазсушар» РМК, «Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығы» ЖШС өкілдерінің, ЖОО студенттері мен экоактивистердің қатысуымен бастамашылық етті.
-->Жоба Сарыбұлақ ағынының экожүйесін қалпына келтіруге және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайтуға бағытталған. Су қоймасының жоғарғы бөлігінде орналасқан учаскенің ауданы 30 гектарды құрады.
«Бұл әдіс қопсытқыш қондырғыда өсірілген бір жасушалы жасыл балдырлардың «хлорелла» штамдарын қолдануды қамтиды. Жыл сайын жазда әсіресе Сарыбұлақ өзенінде көк-жасыл балдырлардың қарқынды көбеюі байқалады, бұл судың ластануына, жағымсыз иіске әкеліп соғады және қолайсыз экологиялық жағдайға әкеледі», - деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының су объектілері мен қалдықтары бөлімінің басшысы Айдар Рашид.
Оның айтуынша, балдырлар (цианобактериялар) жағымсыз иіс пен улы заттарды – цианотоксиндерді шығарады, судың сапасын төмендетеді және балықтың қырылуына әкеледі.
«Бұл мәселені шешу үшін фитопланктондық қауымдастықты құрылымдық қайта құрудан тұратын биологиялық тәсіл ұсынылады. Жасыл балдырлар антагонист екені белгілі. Сондықтан су қоймасында жасыл балдырлардың басым болуы көк-жасылдардың жаппай дамуына жол бермейді, бұл резервуарды ластанудан қорғайды», - деп қосты ол.