Елорда жаңалықтары

Астанада салалық журналистикаға арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Цифрлық дәуірдегі салалық журналистика: тенденциялар мен өзгерістер» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға академиялық қоғамдастықтың өкілдері, медиакоммуникация саласының сарапшылары мен журналистер қатысты.

Жиын барысында журналистика саласында білім берудің түйткілдері, салалық журналистиканың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың маңызы, цифрландыру дәуіріндегі журналистиканың жаңа стандарттары, кадр даярлау ісі және медиакоммуникация саласы мамандарына қойылатын қазіргі талаптар талқыланды.

Ең алдымен, іс-шара модераторы – Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Матжани салалық журналистиканы дамытудың маңызын атап өтті.

Содан соң журналист, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Молдияр Ергебеков «Қазақстандық ЖОО-да медиа мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, 3 негізгі түйткілді атады. Олар: білім беру бағдарламаларындағы мәселелер, оқулық мәселесі және педагогикалық түсінік мәселесі.

 Сондай-ақ Молдияр Ергебеков отандық ЖОО-лардағы пән атауларының бірізді емес екеніне тоқталды. Бұл қазақша ғылыми тілдің қалыптасуына кедергі келтіреді.

SDU «Журналистика» мектебінің деканы Мадияр Саудбаев «Бүгінгі журналистиканың жағдайы мен оның қоғамдағы рөлі» тақырыбы аясында баяндама жасап, салалық журналистиканың баяу дамуына әсер ететін факторларды атады.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда медиа және коммуникация бағыты бойынша маман даярлайтын 38 білім беру бағдарламасы бар. Олардың бірқатары «Цифрлы журналистика», «Конвергентті журналистика», «Жарнама және PR» мамандарын даярлайды. Яғни, медиа саласында жаңа трендтер пайда болып, ақпарат таратудың өзгеше тетіктері қалыптасты. Сондықтан да талқы негізінде қатысушылар отандық жоғары оқу орындарында медиакоммуникация мамандарын даярлау жұмысы жан-жақты жетілдіруді талап етеді деген қорытындыға келді.

Еске салайық, шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы ұйымдастырды.

-->

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салалық журналистиканың дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Мысалы, өткен жылы «Қазақстандық қоғамдық даму инситуты» министрдің тапсырмасымен «Ashyq syllabus» зерттеуін жүргізді. Зерттеуде еліміздегі журналистика саласы бойынша маман даярлайтын оқу орындары мен ондағы білім беру бағдарламаларының ерекшелігі сарапталып, шетелдік тәжірибе талданды. Соның ішінде салалық журналистиканың жағдайы да тыңғылықты зерттелді. Бүгінгі дөңгелек үстел мақсаты – академияда жүрген ғалымдар мен нарықта жүрген практик мамандардың пікірлерін тыңдап, қолданбалы ұсыныстарды әзірілеу, - деді модератор.

Содан соң журналист, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Молдияр Ергебеков «Қазақстандық ЖОО-да медиа мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, 3 негізгі түйткілді атады. Олар: білім беру бағдарламаларындағы мәселелер, оқулық мәселесі және педагогикалық түсінік мәселесі.

Қазақстандағы білім беру бағдарламаларын құрушылар әлемдегі медиа маман даярлау процесінен хабарсыз. Бұны біз фокус топтық зерттеуімізде байқадық. Сондықтан да медиа мамандарын даярлайтын оқу орындарының ұстаздарына ағылшын тілінен бастап, шет тілдерді үйрену керек, - деді спикер.

 Сондай-ақ Молдияр Ергебеков отандық ЖОО-лардағы пән атауларының бірізді емес екеніне тоқталды. Бұл қазақша ғылыми тілдің қалыптасуына кедергі келтіреді.

SDU «Журналистика» мектебінің деканы Мадияр Саудбаев «Бүгінгі журналистиканың жағдайы мен оның қоғамдағы рөлі» тақырыбы аясында баяндама жасап, салалық журналистиканың баяу дамуына әсер ететін факторларды атады.

Салалық журналистиканы дамытудағы тағы бір мәселе – студенттердің жұмысқа орналасуы және мансапта өсуі. Мысалы, дата журналистиканы оқытқанымызбен, оны бітірген мамандар медиа орталықтарға аса қажет болмауы мүмкін. Өйткені кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұл саланың маңызын жеткілікті түсінбейді. Сондықтан салалық журналистиканы дамыту үшін сұранысты арттыру керек, - деді.