Астанада сәуірде түскен қалың қар соңғы рет 1996 жылы тіркелген
Демалыс күндері жауған қар елордалықтарды әбігерге салды. Қар еріп, күн жылынып, көктемгі абаттандыру жұмыстары басталған шақта қалың қар түсіп, қаланың тыныс-тіршілігіне әсер етіп жатыр. Көлік тұрмақ жаяу жүргіншінің жүріп-тұруы қиынға соғып, коммуналдық қызметтер үшін де қалың қар салдары оңай болмай тұрғаны белгілі. Астанада сәуірде жауған қалың қар 1996 жылы тіркелген. Бұл туралы «Астана Тазалық» ЖШС директорының орынбасары Ерлан Рысбеков БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Мекеме өкілінің сөзінше, негізгі жолдар бойынша қар тазалау жұмысы 2-3 күнде аяқталса, қала бойынша 1 аптада жауған қарды шығару жоспарланып отыр.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, қаладағы жауын-шашынның ай сайынғы нормасы – 22 мм. Ал кейінгі үш күнде Астанаға 37,6 мм қар түсті.
«Астана Тазалық» ЖШС-нің Есіл ауданы бойынша атқарушы директоры Дархан Мұсабековтің сөзінше, қар тазалау жұмыстарына көлік кептелісі мен автотұрақтар кедергі болады.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->Демалыс күндері жауған қар елордалықтарды әбігерге салды. Қар еріп, күн жылынып, көктемгі абаттандыру жұмыстары басталған шақта қалың қар түсіп, қаланың тыныс-тіршілігіне әсер етіп жатыр. Көлік тұрмақ жаяу жүргіншінің жүріп-тұруы қиынға соғып, коммуналдық қызметтер үшін де қалың қар салдары оңай болмай тұрғаны белгілі. Астанада сәуірде жауған қалың қар 1996 жылы тіркелген. Бұл туралы «Астана Тазалық» ЖШС директорының орынбасары Ерлан Рысбеков БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Сенбі жексенбі күндері қар көп жауды. Бүгінде 1000 астам техника жұмылдырылды. 2200 мыңға жуық жол жұмыскерлері қар тазалап жатыр. Қазіргі таңда барлық коммуналдық мекемелер төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр. Демалыста 1700 техникамен 23 мың текше метр қар шығарылды. Қыс басталғаннан бүгінге дейін қар төгетін полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, - дейді Ерлан Рысбеков.
Мекеме өкілінің сөзінше, негізгі жолдар бойынша қар тазалау жұмысы 2-3 күнде аяқталса, қала бойынша 1 аптада жауған қарды шығару жоспарланып отыр.
Бүгінде жұмысшылар үш ауысым бойныша жұмыс істеп жатыр. Әрине, бастапқыда халық көп жүретін орындар қардан тазаланатын болады. Көше жолдарын көктайғақтан алдын алу үшін құм себу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Сәуірде қалың қар соңғы рет 1996 жылы жауған еді. Біз синоптиктер болжамына қарап отырамыз. Алдағы уақытта қардың тез еруі күтілуде. Оған дейін қарды тазалауды үлгереміз деп ойлаймыз,- дейді мекеме директорының орынбасары.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, қаладағы жауын-шашынның ай сайынғы нормасы – 22 мм. Ал кейінгі үш күнде Астанаға 37,6 мм қар түсті.
«Астана Тазалық» ЖШС-нің Есіл ауданы бойынша атқарушы директоры Дархан Мұсабековтің сөзінше, қар тазалау жұмыстарына көлік кептелісі мен автотұрақтар кедергі болады.
Биыл қыста мұндай қар жауған жоқ. Қазір қарды тез тазалауға тырысып жатырмыз. Біз қысқы мерзімнен шығып, көктемгі абаттандыру жұмыстарына кірісіп кеткен едік. 2019 жылы қыс бойы қалың қар болды. Бірақ ол қысты күні болғандықтан, таңғалатын жағдай болмады. Бірақ сәуір айында мұндай қар түседі деп күтпедік. Қазір барлық күш жұмылдырылды. Кептеліс кезінде жұмыстарымыз тоқтап қалады. Оған қоса көлік тұрақтары кедергі келтіреді. Тезірек суға айналып кетпей тұрғанда бар күш жұмылдырылды. Қосымша техника жұмылдыруды да қарастырып жатырмыз, - дейді Дархан Мұсабеков.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ