Астанада рульді басқара алмай қалған 43 жастағы жүргізуші көз жұмды
Бүгін Астанада рульді басқара алмай қалған жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
-->
29 маусымда сағат 06.04 шамасында Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай жүріп келе жатқан «Chevrolet Malibu» маркалы автокөліктің жүргізушісі «Арыс» көпірінде рульді басқара алмай, бетон тірегіне соғылған. Нәтижесінде 43 жастағы жүргізуші дене жарақатының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.