Елорда жаңалықтары

Астанада «Rukhtylar» қоғамдық қоры құрылды

Бүгін елордада «Rukhtylar» қоғамдық қоры құрылды. Азаматтық бастамалар орталығында өткен қордың салтанатты ашылу рәсіміне Астанадағы өзге де қор өкілдері мен қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысты, деп хабарлады Elorda.info

Қордың құрылтайшысы Мөлдір Омарханқызы жаңа ұйымның бағыты, мақсат-міндеттерімен таныстырды. Қор азаматтардың ерiктi мүлiктiк жарналары негiзiнде құрылған. Ол әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып, тіл мәселесіне де бей-жай қарамайды. 

222d83ca-a5dd-4d8d-aa11-afe647349742.jpeg

Одан әрі қор басшысы Айнагүл Мұзафар, «Қара шаңырақ» РҚБ директоры Тұрар Шәкен, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Айдын Құмарбекұлы сөз алып, ұйымның алдағы жұмыстарына табыс тіледі. 

Райхан РАХМЕТОВА

-->

Бүгін елордадағы қоғамдық қорлар қатары тағы бір жаңа ұйыммен толығып отыр. Бұл қор соңғы 3-4 жылда елордада әртүрлі қоғамдық бастамалардың басы-қасында жүрген азаматтардың басын біріктіре отырып құрылып отыр. Біз мұны құптап, қолдаймыз. Қадамы құтты болсын дейміз! Бұл тек басы ғана, алда сіздерді үлкен жауапты жұмыстар күтіп тұр. Әрбір жаңадан құрылған үкіметтік емес ұйымға біз қуанамыз, қашан да көмектесіп, кеңес беруге басқарма дайын, - деді Д. Бабамұратов.  

Қордың құрылтайшысы Мөлдір Омарханқызы жаңа ұйымның бағыты, мақсат-міндеттерімен таныстырды. Қор азаматтардың ерiктi мүлiктiк жарналары негiзiнде құрылған. Ол әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып, тіл мәселесіне де бей-жай қарамайды. 

222d83ca-a5dd-4d8d-aa11-afe647349742.jpeg

"Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі" деген Мәшһүр Жүсіп. Біздің қордың ең негізгі бағыты - әлемдік қоғамдастықта мемлекеттік тіл мен әдебиетінің әлеуетін қолдау және насихаттау, мемлекеттік тілді үйренуді ынталандыруға бағытталған жобаларды қолдай отырып, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Біздің қор заң аясында мемлекеттік тіліміздің елімізде кең насихатталуына үлес қосқысы келеді. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуында үкіметтік емес ұйымдар орасан зор рөл ойнайды. Қоғамның азаматтануына дұрыс бағытты көрсетіп беретін  бірден-бір құрал мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар болып табылады! Қазіргі таңдағы әрбір іс-әрекетіміз ертеңгі ұрпаққа үлгі болуы шарт! - дейді М. Омарханқызы. 